Жаңалықтар

Ақпараттық арна ашылды

Облыс әкімдігі халықты ақпараттандыру аясын кеңейту мақсатында Telegram мессенджерінде ақпараттық арна ашты.

Арнаға жазылушылар жергілікті атқарушы органдардың ресми жаңалықтары мен түсіндірмелерін ең бірінші болып оқи алады және түрлі оқиғалардың барысынан хабардар болады. Оған https://t.me/Aktobe_region сілтемесі бойынша кіруге болады.

Айта кетейік,  Ақтөбе облысы әкімдігінің Telegram арнасынан бөлек, ресми сайты, сондай-ақ Instagram мен Facebook әлеуметтік желілерінде парақшалары жұмыс жасайды.

Облыстың күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, маңызды оқиғалардан дер кезінде хабардар болғыңыз келсе, арнаның тұрақты оқырманы болыңыз!

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button